Цифрлық кодекс талаптары және оларға қалай сай болу керек: KMF цифрландыру тәжірибесіЦифрлық кодекс және электрондық құжат айналымы туралы ARMADOC.KZ онлайн-вебинары
Цифрлық кодекс 2026 жылғы шілдеден бастап қолданылады, электрондық құжаттармен және ЭЦҚ-мен жұмыс істеу ережелері өзгерді. Вебинарда мұның бизнес үшін нені білдіретіні талданады және KMF Банк төрт айда 14 филиал мен 100-ден астам бөлімшені электрондық құжат айналымына қалай көшіргені айтылады.
Іс-шара өтіп кетті. Жақын іс-шараларды қараңыз →
Вебинар туралы
ҚР Цифрлық кодексі 2026 жылғы шілдеде күшіне енді, электрондық құжаттармен және ЭЦҚ-мен жұмыс істеу ережелері өзгерді. Міндетті нәрселерді — ЭШФ мен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін (ЕСУТД) — бизнес цифрға көшіріп қойған. Ал компания ішіндегі шарттар, бұйрықтар, өтініштер мен тапсырмалар көбіне әлі де қағаз бен пошта арқылы жүреді.
Не туралы сөйлеседі
- Цифрлық кодекс бұрынғы заңмен салыстырғанда электрондық құжаттар мен ЭЦҚ үшін нені өзгертеді.
- 1С және мемлекеттік жүйелер енгізілгеннің өзінде бизнесте қол еңбегі қай жерде қалады.
- KMF тәжірибесі: жобаға дейін қалай болды, жүйені қалай таңдады, процестерді 1С-пен қалай байланыстырды және соңында не алды.
- Өз компанияңызда неден бастау керек.
Кімге пайдалы
Бірінші басшыларға, IT және қаржы директорларына, HR, заң және әкімшілік қызметтерінің басшыларына.
Қатысушылар не алады
Әр қатысушы процестерді бағалауға арналған чек-лист пен вебинардың жазбасын алады. Спикерлерге сұрақты өтінімге түсініктемеде алдын ала қоюға болады — ол тікелей эфирде талданады.
Қалай қатысуға болады
Вебинар 3 қарашада Астана уақытымен 14:00-ден 15:00-ге дейін өтеді. Тіркелу — Astana Hub каталогындағы іс-шара бетінде (astanahub.com); трансляция сілтемесін ұйымдастырушы қарсаңында поштаға жібереді. Ұйымдастырушы — ARMADOC.KZ ЖШС, Directum Qaz вендоры.
Жақын іс-шаралар
Бизнеске арналған іс-шара өткізесіз бе?
Хабарландыруды порталға орналастырыңыз — оны кәсіпкерлер күнтізбеде және басты бетте көреді.